Денсаулық сақтау

Өңір дәрігерлері біліктіліктерін арттыруда

Василий Козлов – Облыстық балалар ауруханысында жан сақтау бөлімінің дәрігері

– Бұл менің күнделікті істейтін жұмысым, сол себепті де емтиханды оңай тапсырдым. Ал анализдерді түсіндіру станциясында қиындау болды. Өйткені түрлі кездейсоқтықтар кездесті. Нәтижесінде қобалжып, бар білгеніңді мезетте ұмытып қаласың.

Бұрындары осы сынды сынақтарда дәрігерлер небары сұқбаттасумен шектелсе, қазіргі таңда білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдейді. Ақ халатты абзал жандар арнайы 4 станциядан өтіп, түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс.

Айгүл Алпкарина – СҚО бойынша медецина және фармацевтика қызметі басқармасы жетекшісінің орынбасары

– Біліктікті арттыру емтиханына бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Тесттен кейінгі 2-і кезеңде дәрігерлер сұхбаттасудан емес тәжірибеден өтеді. Бұл сынақтар медициналық колледжінің базасындағы симуляциялау орталығында ұйымдастырылады. 3 бөлмеде қуыршақтар мен арнайы макеттер болса, 1 бөлмеде емтихан қабылдаушы өзі науқастың рөлінде болады.

Бүгін 14 дәрігердің 12-і ғана сынақтан өте алды. Емтиханнан сүрінгендері 108 сағаттық сұхбаттасудан кейін қайта сынақ тапсырмақ.

Жалпы бүгінде облыс бойынша 41 дәрігер біліктілігін арттыруға өтініш білдіріпті.

 

Риат Шони.