Құқық қорғау органдары

ІІД жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Ақан Қажкенов – СҚО ІІД басшысы

–  Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде өңірімізде алаяқтықтың 388 фактісі тіркелді. Әрине, өткен жылдармен салыстырар болсақ, қылмыстардың саны біршама қысқарғаны байқалады. Алаяқтық фактілерінің 85 пайызы облыс орталығында орын алған.

Күн тәртібінде алаяқтықтың алдын-алу, қалта ұрлықтарын ашу мен тәртіп сақшылары жұмысының тиімділігін арттыру сынды мәселелер қаралды. Криминалдық полиция басқармасының басшысы Мыңбай Асылбековтың мәліметінше, биыл ақша бопсалауға қатысты 214 факті орын алса, 65 қылмыстық іс ұялы телефонды иемденуге байланысты қозғалған. Сондай-ақ велосипед ұрлаудың 11 және бағалы металлдарды қолды етудің 9 фактісі тіркеліпті.

Мыңбай Асылбеков – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы

 

– Алаяқтыққа көбінесе қарттарымыздың ұрынып жататындығы бізді қатты алаңдатады. Тек биыл ғана егде жастағы адамдарға қатысты 24 қылмыс орын алды, оның 3-уі қылмыстың аса ауыр түріне жатады. Қылмыскерлердің дені телефон қоңыраулары арқылы арам ойларын іске асыруда.

Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне жеке мүлікке қатысты қылмыстар туралы мәліметтерді баспасөз беттерінде жиірек жариялау ұсынысы жасалды. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы қараша айында өтпек.

Бақыт Сәдуақасов.