Әр түрлі

Петропавлда “Жұлдызды жауын” фестивалі өтті

Надежда Пирожкова, «Здравствуйте» ЖШС директоры

– Бұл байқаулар, ойындар, “Жақында мектепке” эстафетасы және бұның бәрі үлкен оттың жанында ұйымдастырылады. Өте қызықты. Әрі олар үшін табиғат аясында тиімді демалыс, денелерін шынықтырып спортпен айналысады.

Юрий Чередник өз жанұясымен мұндай шараларды қалт жібермей, мүмкіндігінше қатысып тұрады. Бірақ, өз өнерлерін көрсетпейді. Олар негізінен өзгелердің шығармашылығын тыңдап, табиғат аясында дем алғанды ұнатады.

Юрий Чередник

– Жақсы ойлап табылған шара. Фестивальге Қазақстанның өзге қалалары мен Ресейден де бардтар келеді. Ескі және жаңа әндер шырқалады. Бұл туындылардың мағыналары өте терең.

Клубтың шағын залына 100 шақты адам жиналған. Мұнда келген әр көрермен кез-келген уақытта орындаушы бола алады. Сондай-ақ, бұл кеште баршасының сүйіп тыңдайтын туындылар молынан орындалды.

Фестивальдің бағдарламасы екі күнге жалғасады.

Ахметова Бану.