Қоғам

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Конституция күніне арналған конференция өтті

Зылыйха Бимақанова – тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының доценті

– Ата-заңымыз еліміздің тарихи құнды құжаты болып табылады. Бұл құжатта еліміздің әлемдік деңгейде, өзге елдердің қатарындағы қандай орын алатынымызды көрсетеді. Біздің Конституциямыз Қазақстан стратегиясының негізгі бағдарламасын іске асыруда өзіндік ерекше рөлін атқарады.

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалының директоры Алма Мұрзалинова “Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының дамуы” атты баяндамасында Ата-заңды қабылдау еліміз үшін елеулі оқиға екенін атап өтті. Конституция – барлық салалық заңнамаларды дайындаудың негізгі тірегі. Бүгінде білім беруге қатысты барлық актілер де осы құжаттан бастау алады. Басты құжат қабылданғалы аталмыш жүйесі бірнеше рет өзгертілген болатын.

Алма Мұрзалинова – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ СҚОФ “СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” директоры

– Қазіргі таңда білім өте құнды және де жоғары талап етілетін қорға айналуда. Елдегі білім беру саласының дамуын шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Алғашқысы 1991-1996 жылдар аралығы. Бұл уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Айта кету керек алғашқы кезеңнің өзінде-ақ, білім саласында әлеуметтік-экономикалық нормативтік құқықтық реттеуші базаны құру басталған. Екінші кезең – 1997-2005 жылдарды қамтыды. Бұл күндері де заман талабына сай білім беру сапасы артып келеді.

Жалпы жиынға қатысушылар білім саласына үдемелі инновациялық технология енгізу жөнінде сөз етті. Сонымен қоса кездесуде Конституция – тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілдігі екені де айтылды.

 

Риат Шони.