Құқық қорғау органдары

Биыл өңірдің тас жолдарында балалардың қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жанна Мусина – облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі

– Полицейлер осы жолы интернат тәрбиеленушілеріне жолда жүру ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері бірнеше жылдан бері оқушыларға қажетті тұрмыстық заттарды сыйлап тұрады. Осы жолы тәртіп сақшылары мектеп-интернатының ұжымына кілем тарту етті.

Әкімшілік полиция басқармасының мамандары қыркүйектің бірінен өңірде “Абайлаңдар-бағдаршам” республикалық акциясы басталғандығын жеткізді. Биыл өткен жылдармен салыстырғанда балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік апаттарының саны біршама азайған. “Апаттың алдын алған жөн” демекші, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерді үнемі назарда ұстамақ.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы

– Акция арқылы біз оқушылардың қатысуымен болатын жол апатының алдын алмақпыз. Полицейлер жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының жол ережесін сақтауларын бақылауда ұстайтын болады.

Полицейлер көлік тізгіндеген жүргізушілерге жолда аса сақ болуды ескертсе, ата-аналарға балаларына жолда жүру ережелерін түсіндіріп тұруды айтады. “Абайлаңдар-бағдаршам” акциясы қыркүйектің 10-на дейін жалғасын таппақ.