Қоғам

“Қызылжар су” ЖШС-і қызметкерлерінің балаларына “Мектепке жол” акциясы аясында кеңсе тауарлары табыс етілді

Махаббат Бектембаева – ата-ана

– Қызым Әмина биыл бірінші сыныпқа барады. Осы кәсіпорынға алғысымды білдіремін. Біз үшін тосын сый болды. Қазіргі кезде оқу құралдары арзан деп айта алмаймын.

Сумен қамтушы кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы аталмыш мекемеде еңбек етіп жүрген қызметкерлердің балаларын назардан тыс қалдырған емес. Мүмкіндігінше, әр мереке қарсаңында бүлдіршіндеге түрлі сыйлықтар жасап отыруды игі дәстүрге айналдырған. Осы жолы да мекемедегілер 15 балаға құны әрқайсысы 14 мың теңге тұратын кеңсе тауарларына толы сөмкелер табыс етті.

Бағдат Мұқанова – “Қызылжар су” ЖШС кәсіподақ ұйымының жетекшісі

 

– Жыл сайын мекемеміз “Мектепке жол” республикалық акциясынан құр қалмай, белсенді қатысып отырамыз. Біздің кәсіподақ ұйымы биыл бірінші сыныпқа баратын балалары бар ата-аналарға көмек беріп отыр. Мектеп сөмкесі оқушыларға өте ыңғайлы. Бір сөмкенің құны 14 мың теңгені құрайды.

Бұдан кейін, ұйымдастырушылар балалар арасында түрлі сайыстар өткізіп, баршасына ойыншықтар сыйлады.

Бақыт Сәдуақасов.