Әр түрлі

Петропавлда ҚР Конституциясы күніне орайластырылған қайырымдылық концерті өтті

Бір жақ көз жанарынан айрылса да Александр Ткаченко мойыған емес. Қайта музыкаға деген махабатымды, жан дүниемді түсінген көрермендерге разы боламын дейді. Әншінің көңіліне, әсіресе, халықтың қол соғуы мен жылы сөзі
жылулық ұялатады екен. Сол себепті, ол өзінің әндер қоржынына көрермен сүйіп тыңдайды деген шығармаларды таңдауға тырысады.

Александр Ткаченко, Ардагерлер халықтық академиялық хорының мүшесі

– Мерекелік шара ересектерге арналған. Концерттік бағдарламада көрермендердің жадында сақталып қалған бұрынғы әндер, романстар мен әскери әндер бар.

Көрермендер әсіресе, “Случайный вальс” әніне қосылып, әншімен бірге шырқады. Ал, әскери әндерді тыңдағанда көңілдері мұңға батты.
Концертке “Вдохновение” вокалдық тобы да ат салысқан.

Галина Легких, “Вдохновение” вокалдық ансамблінің жетекшісі

– Ұжымның құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан да репертуарымыздағы әндер де аздау. Деені – орыс халық әндері мен заманауи туындылар.

Концертке тәнті болған көрермендер жастық шағымызды еске түсірдік дейді. Олар бұрынан сағынып жүрген әндерін естігені үшін өнерпаздарға ризашылығын білдіріп жатты.

Руслана Гуторова, қала тұрғыны

– Александрдың дауысы құлаққа жағымды естіледі. Оның орындауындағы әндердің сөзі мен музыкасы байыппен таңдалған. Александр арнайы білім алса, шоқтығы биік әнші болатын түрі бар.

Сайдаш Гайсин, Петропавл қаласының құрметті азаматы
– Мұндай өнерпаздардың жолын ашу керек. Олардың қатысуымен мейлінше жиірек концерттер өткізіп тұрған дұрыс болады. Өйткені, олар әндері арқылы қаншама адамға қуаныш сыйлайды. Ден қойып тыңдасаң, әндері тамаша. Құдды өзіңді бір әдемі саз әлеміне жетелейтіндей.

Берик Касен.