Қоғам

Облыстық прокуратура қызметкерлері «Мектепке жол» акциясына қатысты

Гүлмайра Кенжеболатова – СҚО прокуратурасы аппаратының бас маманы

– Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратура ұжымы 25 балаға оқу жылына көмек көрсетіп, кеңсе тауарларын сыйға тартты. Балғындарды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймыз.

Облыстық мектеп-интернатында 9 жанұя бар. Соның бірі “Болашақ” деп аталады. Онда 1 мен 11 сынып аралағында оқитын 19 бала тәрбиеленеді. Тәрбиешілер қауымы өз кезегінде қадағалау орган өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.

Бөкенова Жанбота – тәрбиеші

– Облыстық прокуратура ұжымы біздің «Болашақ» жанұямызға келіп отыр. Балаларымызға сыйлық таратып, көңіл-күйін көтерді. Жанұямыздың атынан облыстық прокуратураға ризашылығымызды білдіреміз.

Бұдан кейін сыйлық алып, мәз-мейрам болысқан балаларға тәтті-дәмдіге толы дастархан жайылды.

Сагыныш Маркашева.