Әр түрлі

Муниципалдық телеарна – Отау ТВ арнасында

Евгений Сазанов – «СҚО әкімдігінің муниципалды телерадиоарнасы» ЖШС директоры

– Арнамыз «Отау-ТВ» ұлттық желісі арқылы барлық республика бойынша көрсетілуде. Бұл жұмыс облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. “Қазтелерадио” басшылығына да алғысымыз шексіз. Енді арнамызды Қазақстанның кез келген түпкірінен көруге болады.

Оқиға ортасынан еш боямасыз баяндап, халыққа жаңалықты жедел әрі сапалы жеткізу үшін Муниципалды телеарна ұжымы күні бойы тынымсыз еңбектенеді.

Евгений Сазанов- «СҚО әкімдігінің муниципалды телерадиоарнасы» ЖШС директоры

– Бізге үлкен жауапркешілік жүтеліп отыр. Халықтың сенімін ақтауға, облыс басшылығының тапсырмасын жоғары деңгейде орындау үшін ұжыммен бірлесіп көп жұмыстар атқарылады. Телеарнаның болашағы зор. Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін.

Қыркүйектің 1-нде Мунициаплды телеарнаның құрылғанына 16 жыл толады. Бүгінгі беделге жету үшін талай тер төгіліп, ауқымды істер атқарылды. Телеарна ұжымы алдағы уақытта да бірге жұмыла еңбек етіп, жаңа белестерді бағындыра бермек.

 

Магжан Ахмадина.