Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер өзара пікір-сайысқа түсті

Әсем Сүлейменова – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы

–  Елдігіміздің басты белгісі оның тілі болып саналады, тіл мәселесіне байланысты жастардың өздерінің ойларын талқыға салу, өздерінің пікірлерін түйіндей білуге, бекіте білуге, қазіргі кезде қазақ тілінің сұранысын айқындай білуге байланысты дебат ойынын өткізудеміз.

Бүгінгі дебат ойындарына жастары 20 мен 30 аралығындағы мамандар қатысуда. Олардың барлығы аудан деңгейінде өткен пікірталаста жеңімпаз атанған. Абылайхан Есенбаев – Жамбыл ауданының намысын арқалап келіп отыр. Жас та болса аудандық әкімдікте білдей бір маман. Абылайхан мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілінің әлі де болса ақсап тұрғанына алаңдайды. Сол себепті, бүгінгідей сайыстың облыстық кезеңіне алғаш рет қатыпы отырса да, тілдің дамуына өзінің үлесін қоспақшы.

Абылайхан Есенбаев – дебат ойындарына қатысушы, Жамбыл ауданы

– Дебат ойындары өтеді деп бізге алдын ала айтылған болатын, қазақ тілін дамыту, облыста мемлекеттік тілдің дамуы жөнінде өтпекші. Негізінен қазақ тілінің аясын кеңейту жөнінде ой қозғау үшін аудандардан қатысушылар келіп отыр.Енді қазақ тілі біздің облыста сәл кенжелеп қалды. Соған байланысты дебат ойындарын ұйымдастырып отырғандарына алғыс білдіреміз, жақсы іс-шара деп ойлаймын өз басым.

Американдық-парламенттік форматтағы бұл дебат ойыны бірнеше кезеңді қамтиды. Алғашқы сында әр команда 2 ойыннан өткізсе, қалған екі ойынның қорытындысы бойынша өз ойларының дұрыстығын дәлелдеп шыққан 4 команда ойыншылары ақтық сынға шығады. Ал, жартылай финалда жеңіске жеткендері жүлделі орындар үшін пікір таластырады.

 

Бакыт Садуакасов.