Спорт

Мемлекеттік қызметкерлер футболдан сынға түсті

Виктор Бестик – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы

– Бұл – дәстүрлі түрде өткізілетін жарыс. Бұған облыстық, аумақтық органдар мен қала және аудан әкімдіктерінің мамандары қатысуда.

Алғашқы күннің қортындысы бойынша көшбасшы құрамалар да анықталып үлгерді.

Ринат Аминов – төреші

– Бірінші күннің қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Енді жартылай финалда жеңген командалар, бірінші орынға шығу үшін бақ таластырады.

Қазір алаңда М. Жұмабаев пен Шал ақын аудандарының мемлекеттік қызметкерлерінен құралған командалар өз араларында мықтыны анықтауда. Ойынның алғашқы минутынан-ақ екі жақ қызу тартысқа түсіп, бір-бірінің қақпаларын шабуылдаумен болды. Бірінші таймның орта тұсында ұрымтал сәтті пайдаланған М.Жұмабаев ауданының азаматтары қақпа кілтін тауып, доп дарытты. Ойынның екінші бөлігінде осы команданың мүшесі бірінші голды соққан Евгений Долгов тағы бір ерлеп, екінші голдың авторы атанды. Кездесу қорытындысы бойынша 2:0 есебімен М. Жұмабаев ауданының құрамасы жеңімпаз деп танылды.

Евгений Долгов – жарысқа қатысушы, М. Жұмабаев ауданы

– Осы жарыстарға қатысқаныма қуаныштымын. Мықты командалар жиналған. Жаңа ғана солардың бірімен ойнадық. Бірақ, біз жеңдік.

Чемпионат тамыздың 30-ына дейін жалғасады. Жеңімпаздар диплом, медаль және кубоктармен марапатталмақ.

Магжан Ахмадина.