Билік

Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер ҚР президенті бекіткен тәртіпте ант беруге міндетті.Бүгін мемлекеттік мереке. ҚР Конституциясы күні қарсаңында саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жаңа тағайындалған мемлекеттік қызметшілері ант береді.

Алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ант қабылдады.

“Әкім бол, халқыңа жақын бол” деген сөз бар қазақта. Еліміздің көркеюіне білек сыбана жұмыс істеп, адал қызмет етуге Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабеков, Жамбыл ауданының басшысы – Иван Турков және Мамлют ауданының жетекшісі Ерболат Бекшенов те салтанатты түрде ант берді. Аудан әкімдері алдымыздағы асыл парыз, зор міндет – елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз дейді.

Ерболат Бекшенов, Мамлют ауданының әкімі

 

– Конституция күні қарсаңында ант қабылдадым. Енді, елді-мекеніміздің гүлденуіне барлық күш-жігерімді салып, жұмыс істеймін.

Бұл күні барлығы “А” корпусына өткен 4 мемлекеттік қызметші ант қабылдады. Серт беру рәсімі мемлекеттік әнұранмен аяқталды.

Ахметова Бану.