Қоғам

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Арман Құсанов – СҚО прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

– 3 білім беру мекемесінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың 2-уі – колледж директорлары. Айталық, Петропавл құрылыс колледжінің басшысы Бабжанов ағымдағы жылдың наурыз айында қызметін пайдаланып, 500 мың теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырған. Ол 5 жылға шартты түрде сотталды.

4 оқу орнының директоры жұмыстан босатылса, тағы 10 басшы қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту алған. Прокурорлардың айтуынша, білім саласының қызметкерлері қызметтік өкілеттігін пайдаланып, мемлекет қаражатын жымқыру, заңсыз жалақы аудару сынды заңбұзушылықтарға жол береді екен. Тиісті педагогикалық білімі болмаса да таныстарын жұмысқа қабылдау фактілері де тіркеліпті. Ондай жағдайлар балабақшаларда да орын алған.

Жанат Жұмабаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары

– «Солнышко» бөбекжай-балабақшасының директоры қызметкерлеріне заңсыз жалақы аударып келген. Нақ осындай жағдай «Айгөлек» мектепке дейінгі білім беру мекемесінде де қайталанған.

Осылайша, жемқорлыққа жол берген білім саласының қызметкерлерінің бюджетке келтірген шығыны өткен жылы 1,5 млрд теңгеге жетке, ағымдағы жылдың 8 айында 200 млн теңгені құраған.

 

Магжан Ахмадина.