Қоғам

Жаңа балалар алаңы пайда болды

Алексей Захаревич.

-Осындай алаң бізде жақында ғана пайда болды. Әткеншектердің түр түрі бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлығы қоршалған. Бұған дейін осы жер қаңырап бос жататын.

Балалар алаңын тұрғызуды «Көпсалалы құрылғылар зауыты» ЖШС қолға алған. Құрылыс жұмыстары 2 жұма жүргізіліпті.

Сергей Федосеев- «Көпсалалы құрылғылар зауыты» ЖШС директоры.

-Облыстық әкімдік басшылығы бізге Шухов көшесінің бойындағы 30-шы үйге балалар алаңын тұрғызу туралы ұсыныс жасады. Біз оны қуанышпен қабылдадық. Еңбегіміз зая кетпепті. Мұнда балалар көп келеді. Алаң осы маңдағы тұрғындардың да көңілінен шықты.

Күн ұзаққа компьютерден түспей, қолдарынан ұялы телефон, планшеттерін тастамайтын балаларды енді осы жерден табуға болады. Алаң кішкене петропавлдықтардың да көңілінен шықты.

Қазір бұл алаң үй ауласына ерекше көрік беріп тұр.


 

 

Магжан Ахмадина.