Қоғам

“Петропавлда Камаз көліктерінің көрмесі өтті”

Қозғалтқышы “Еуро-5” экологиялық талаптарына сай келеді. Жүк көлігінің багіне 800 литр жанар-жағармай құюға болады. Салонының іші де жүргізушіге қолайлы етіп жасалған. Екі адамдық жататын орын бар. Орындықтарын төменге түсіруге немесе жоғары көтеруге болады. Салонда желдеткіш те қарастырылған. Қауіпсіздік ережелері де толықтай ескеріліпті. Ал, магистралдық тартқыштың құнына келер болсақ, 20 млн теңгеге бағалануда. Сонымен қатар көрмеде дәнді-дақылдарды, құрылыс материалдарын тасмалдайтын жүк көліктері, 24 адамға арналған вахталық автобус та бар. Жалпы көрмеде барлығы “камаз” маркалы 7 көлік қойылды.

Серіктестіктің ел нарығында жүргеніне 15 жылдан асқан. Осы уақыттың ішінде компания бесекеге қабілеттілігін көрсетті. Ресми делдалдықпен айналысатын серіктестік темір тұлпарлар мен қатар автокөліктерге қажетті қосалқы бөлшектерді де сатады екен.

Александр Серазетдинов, “КАМАЗ” сыртқы сауда компаниясы” ЖАҚ ресми делдалы “ВИС” ЖШС автокөліктерді сату бөлімінің маманы.

-Біздің серіктестік “Камаз” АҚ-ның ресми делдалы саналады. Сондықтан олар шығаратын техниканы сатумен айналысады. Компания бізден жүк көліктерін сатып алғандарға сервистік қызметті тегін көрсетеді. Толық ақпарат алу үшін Явленская шоссе көшесі бойында орналасқан кеңсемізге немесе “Визавто.кз” сайтынан толық ақпарат алуға болады.

Жүк көліктерінің көрмесіне келгендер өздеріне қажетті темір тұлпарлардың ерекшеліктерін сұрап білуде. Бірден сатып алуға бел буғандары да табылды. Петропавлда құрылыс нысандарын салумен айналысатын “Гранд” ЖШС басшысы Хамзат Авхадов бүгін мына тұрған екі жүк көлігін сатып алмақ.

Хамзат Авхадов, “Гранд” ЖШС жетекшісі.

-Мен жүк көлігін алу үшін осы көрмеге келдім. Мен таңдаған темір тұлпарлар құрылыс материалдарын тасуға өте ыңғайлы. Бұл Ресейде шығарылған жүк көліктері өте сапалы. Бағасы да қол жетімді.

Компания сатылған әр авткөлікке 2 жыл кепілдік береді. Жыл басынан бері серіктестік 30-дан астам жүк көлігін саудалаған.

 

Бану Ахметова.