Қоғам

Ата заңның маңызы дөңгелек үстел барысында талқыланды

Мейрамбек Талапкер – ҚР ҰГ Әскери институтының курсанты.

-Менің баяндамам 1995 жылы 30-шы тамызда қабылданған ҚР Конституциясына қатысты. Соған орай біздің Елбасымыздың негізгі мақсаты осы Қазақстанның бейбітшілігі мен көрші елдермен қарым-қатынасты жүзеге асыру ең басым бағыттардың бірі. Елбасымыздың айтқан сөздерін үлгі тұтып, әскери адам болғаннан кейін, өзіміздің адал борышымызды адал өткеруге міндеттіміз.

Елімізде тұрып келетін түрлі ұлт өкілдерінің құқықтары да ата заңда толықтай сақталған. Оны бір шаңырақ астында мекен ететін сан алуан халықтардың ауызбіршілігінен көруге болады. Күрт этномәдени орталығының төрағасы Рашид Надиров, Қазақстандағы тұрақтылықты ұлт көшбасшысының ұстанған саясатымен байланыстырып отыр.

Рашид Надиров – күрт этномәдени орталығының төрағасы.

-Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын өткіздік. Сол 20 жылдың ішінде жақсы жетістіктерге жеттік. Соның бірі біздің Елбасымыздың тәжірибесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жемісін беріп жатыр. Әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін дамытып отыр. Мемлекет тарапынан соған көмек беріп жатыр.

Еліміз тәуелсіздік жылдарында өсіп-өніп, көркейіп келеді. Қысқа ғана уақытта мемлекетіміз іргесін нықтап, дамудың даңғыл жолына түсті. Бұл орайда, ата заң Қазақстанда саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың сақталуына ықпал етті дейді М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дегі Қазақстан халқы ассамблеясының меңгерушісі Людмила Гривенная.

Людмила Гривенная – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасының меңгерушісі.

-Біз бүгінгі отырыста Ата заңның қоғам мен адам өмірінде алар орнына тоқталуды жөн санадық. Оған қоса жиында конфессияаралық татулық пен ұлтаралық достық тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. Конституцияның баптары жайлы кеңірек әңгімелеп, Ата Заңның жоғары деңгейде дамуымыздың, өркендеуміздің кепілі екендігіне тоқталдық.

Сондай-ақ жиында жерлестеріміздің назарына “Құқықтық мемлекет негізі” тақырыбындағы кітаптар көрмесі де ұсынылды.

 

 

Бакыт Садуакасов.