Балалар

Петропавлда мемлекеттік тілді насихаттау бағытында “Мәңгілік ел” акциясы өтті

Ғабит Шукелов, Алматы қаласының тұрғыны.

-Шет елде жүргенде ағылшын тілін білу керек. Ал қазақ тілін біз дамытпасақ, кім дамытады. Сондықтан бұрынғы ата-бабамыз қалдырып кеткен баға жетпес мұрамызды қалай да болса, сақтап, дамыту керекпіз.

Мына жерде “Студенттік өзін-өзі басқару және дамуының одағы” корпоративтік қорының белсенділері “Рахмет” сауда үйіне келген әр тұтынушыға сөздік таратып жүр. Кітапша ішіне қазақша-орыс тілдерінде күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сөздер жазылған. Мысалы, онда бұл көйлек қанша тұрады, анықтама бюросына қалай өтуге болады? деген ойға қонымды сұрақтар бар. Еріктілер осылайша мемлекеттік тілде сөйлетіндердің қатарын арттыруға болады дейді.

Юлия Мокей, “Студенттік өзін-өзі басқару және дамуының одағы” ұжымдық қорының белсендісі.

-Мектепті не университетті бітірген кейбір түлектер қазақ тілінің маңызын түсіне бермейді. Ал Елбасымыз Н. Назарбаев жастар бәсеке қабілетті болу үшін үш тілді жетік меңгеру қажет деді. Соның ішінде қазақ тіліне басымдық берілу қажет. Өйткені, мемлекеттің болашағы – қазақ тілінде .

Жасұлан Амиров – Астана қаласының тұрғыны. Ол қазақ тілі қағаз жүзінде емес, іс жүзінде мемлекеттік тіл деген мәртебеге лайық болу керек дейді.

Жасұлан Амиров, Астана қаласының тұрғыны.

-Петропавлға келгеніме 3 күн болды. Шыны керек, әзірге қазақша сөйлеген 2 адамды ғана кездестірдім. Президенттіміз айтқандай, қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек. Біз өз ана тілімізде сөйлеспесек, ол тілде ешкім сөйлемейді. Сондықтан кеш болмай тұрғанда ойлану керек, ағайын.

Елбасымыз мектепті бітірген әр түлек қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеріп, өз ойын үш тілде еркін жеткізуі қажет деген болатын. Қазақстандықтар мұнымен толықтай келісеміз дейді.

Айта кету керек, мемлекеттік тілді насихаттау бойынша “Мәңгілік ел” акциясы барлық аймақтардағы сауда және ойын-сауық орталықтарында ұйымдастырылды.

 

 

 

Берик Касен.