Қоғам

Петропавл қаласында “Жүректен жүрекке” атты қайырымдылық концерт өтті

Қайырымдылық шарасында билет сатудан түскен бар қаражат қымбат емдеу шараларына мұқтаж балғындардың қажетіне жұмсалмақшы.

Галина Бондаренко – «Улыбка» балалар қайырымдылық қорының президенті.

-“Улыбка” қайырымдылық қорына көмек сұраған адамдар жиі жүгінеді. Оның себептері әр түрлі. Ата-аналар көбінесе, емдеу шараларына мұқтаж балаларға жәрдемдесуді, сондай-ақ балғындарын мектепке дайындау үшін жолығады. Сондықтан да бүгінгі қайырымдылық концертінің билетін ақылы қылдық, бірақ қымбат емес, бағасы 400 теңге. Осы шараға жас өнер ұжымдары мен қаламыздың жеке орындаушылары қатысуға ниет білдірді.

Инга Хасамутдинова «Улыбка» қайырымдылық қорынан көмек алу үшін алғаш рет келіп отыр. Оның 4 баласы бар, ал кіші қызы сал ауруымен ауырады.

Инга Хасамутдинова.

-Менің қызым сал ауруымен ауырып, аяққа тұрып жүре алмайды. Бізге Астана қаласында емделу үшін қомақты қаражат қажет. Сондықтан, осы мәселені шешу үшін «Улыбка» қайырымдық қорына жолықтым. Олар бізге жәрдемдесі үшін осындай қайырымдылық шарасын өткізіп, қаражат жатыр.

Қайырымдылық концертінің барысында шараға қатысушылар ойыншықтардың аукционына белсенді қатысты. Оның аясында науқас балалардың еміне жұмсалатын қосымша 15 мың теңге жиналды. Барлығы қор өкілдері бұл күні 36250 теңге жинай алды.

 

Сагыныш Маркашева.