Өнеркәсіп

Өңірлік «Қазнефтегазмаш» зауыты биыл 2,6 млрд теңгенің тапсырысын орындайды

Алексей Попов- «Қазнефтегазмаш» АҚ операторы.

-Ол арнайы берілген бағдарламаларды жайсайды. Менің міндетім – бөлшекті орнатып, бағдарламаларды іске қосу ғана. Қазір салынған бөлшек жарты сағат бойы өңделеді. Содан соң, даяр өнімді алып, келесісін саламыз.

Владислав Клиннің бұл кәсіпорында жұмыс жасап жатқанына 2 жыл болған. Желтоқсан айында мұнда сандық бағдарламалармен басқарылатын қондырғылар келгенде ол, арнайы оқудан өтіпті. Қазір сондай жаңа құрылғының бірін басқарады.

Владислав Килин- «Қазнефтегазмаш» АҚ операторы.

-Бұрын барлығын қолмен жасайтынбыз. Енді арнайы бағдарламаларды жүктеп, станокты қосумен шетелеміз. Бұл машиналар өте анық, әрі жылдам жұмыс жасайды. Бөлшектер дәл өлшеммен шығарылады. Кейін қайта өңдеуді қажет етпейді.

Кәсіпорын биыл 2,6 млрд теңгенің тапсырысын орындауды көздеп отыр. Бұл өткен жылғы жұмыс ауқымымен салыстырғанда 5 пайызға артық. Мұндағылар бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға риза. Өйткені аталмыш қаржылай көмек кәсіпорынның дамуына жаңа серпін береді дейді олар.

Андрей Лукьянов- «Қазнефтегазмаш» АҚ бас директорының орынбасары.

-Осы бағдарламаның арқасында біз жаңа құрылғыларды ғана алып қоймай. Өндіріс көлемін арттырдық. 7 жаңа жұмыс орнын аштық. Өнім түрлері көбейді. Біз Қазақстанның 40-қа жуық кәсіпорындарына тауар жеткіземіз.

Жалпы кәсіпорында 120 адам еңбек етеді. Қызметкерлердің орташа жалақысы 100 мың теңгеден асады.

 

 

Магжан Ахмадина.