Білім

Тамыз кеңесі өтті

Бұдан соң мына залға жиылған қала педагогтары жетістіктерімен бөлісіп, оқу үрдісінде қолданып келетін тәжірибелеріне тоқталды. Мәселен, қаламыздағы қазақ мектеп-гимназиясы оқушыларға иннтелектуалдық білім беруге көп көңіл бөледі. Бүгінде олар Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту тәжірибесін қолдануда. Білім ошағы директорының айтуынша, жаңа оқу жылында 5 қалалық семинар өткізіп, онда өздерінің тәжірибелерімен өзге әріптестерімен бөліспекші. Сондай-ақ ол балаларды білім нәрімен сусындатуда үш жақты қарым-қатынас нық болу керектігін тілге тиек етті.

Гүлжан Жақанова, қазақ мектеп-гимназиясының директоры.

-Мұғалім, ата-ана, оқушы арасындағы ынтымақтастықта жұмыс жасай отыра нәтижеге жету жолдарын анықтауымыз керек. Сонымен қатар мектептегі мұғалім өзінің жауапкершілігін сезіне отыра, сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларды өздігінен білім алу дағдыларын дамыту керек.

Бұл жиында ұстаздар толағай табыстарымен ғана мақтанып қойған жоқ. Өзекті мәселерге де тоқталып өтті.

Ерлан Әбелдинов, СҚО лойынша білім саласын бақылау департаментінің басшысы.

-Біз өз тәжірибемізде мұғалімдерді 3 деңгейлік курстар арқылы дайындаудың қаншалықты маңызды екендігін түсіне бермейміз. Мектептерден біліктілігін арттыру үшін бір мамандықтың ғана ұстаздары келеді. Сондықтан бұл жерде сапаға көп көңіл бөлу керек. Және де Назарбаев зияткерлік мектебінің деңгейіне жетуде жалғыз педагогтардың тәжірибесіне сүйену жеткіліксіз.

Жаңа оқу жылында еліміздің 4 аласында, атап, айтсақ, Қостанай, Петропавл, Ақтау және Алматыда Назарбаев зияткерлік мектептері өз жұмысын бастамақ. Педагогтар осылайша Елбасы жүктеген тапрсырмалардың атқарылып жатқандығын жеткізді.

Айгүл Қазжанова, «Назарбаев интеллектуалдық мектебі» АҚ басқарушы директоры.

-Елбасы Н. Назарбаев елімізде 20 зияткерлік мектебін ашу тапсырмасын қойған болатын. Алдағы уақытта осы 4 бірдей мектептің қолданысқа берілуі – ұлт көшбасшысы жүктеген міндеттердің атқарылып жатқандығын білдіреді.

Жиынға қатысушылар балаларға берілетін білімнің сапасын жақсартуға қатысты өз ойларын білдірді. Олар оқушыларды білім нәрімен сусындатуда кешігіп қалмау қажет дейді. Бұл орайда ауыр жүк ұстаздарға артылатыны белгілі. Сондықтан, мұғалімдер заман талабына сай білімді де, білікті мамандар болуы қажет.
Бүгінгі таңда балаларды мектепке даярлауда балабақшалардың да атқарар рөлі зор екендігі айтылды. Бұл орайда, шаһар басшысы Төлеген Закариянов алдағы уақытта қалада бірнеше балабақшаның ашылатынын айтты.

Төлеген Закариянов, Петропавл қаласының әкімі.

-Биыл балабақшаның құрылысын бастамақпыз. Білім беру ошақтары мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің аясында бөлінген қаражат есебінен салынады. Және жергілікті атқарушы өкілдердің қолдауымен жүзеге аспақ.

Тамыз кеңесінің соңында қаламыздың бірқатар үздік педагогтарының еңбегі еленді.

 

 

Бану Ахметова.