Қоғам

Іскер әйелдер “Мектепке жол” акциясына қатысты

 

Вероника Затулина, көп балалы әрі жалғызбасты ана.

-Оқу жылының басында әсіресе тұрмыс жағдайы төмен және көп балалы ата-аналар оқушыларын мектепке әзірлейтін кезде көп қиналады. Олар ол кезде қаржылық мәселеге тап болмай сонымен қатар күйзеліске де ұшырап жатады. Бұдан басқа өмірде кедергілер көп туындайды. Мен өз басым осындай шараның дәстүрлі өтетінін құптаймын. Осының арқасында қаншама ата-анаға көмек көрсетіліп жатыр.

Вероника Затулина “Қызылжар аналары” ҚБ-не мүшелік етеді. Бүгінде аталмыш ұйымда 200-ден астам бала есепте тұр. Олардың дені тұрмыс жағдайы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан. Бүгін 30 балдырған “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында аяқ киім, кеңсе тауарлары мен жұмсақ ойыншықтарға ие болды. Оларға осымен 4 жыл көлемінде облыстық іскер әйелдер қауымдастығы жәрдем көрестіп келеді. Бірлестік төрайымы Бақытжан Сәмиева қазіргі таңда ана мен бала үшін жасалып жатқан игілікті іс-шаралар көп дейді. Соның бірі – “Мектепке жол” республикалық акциясы.

Бақытжан Сәмиева, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

-Оқу жылы таяп қалды. Балалардың бәрі мектепте білім алу керек. Біздің қоғамда тұрмыс жағдайы нашар отбасылар бар. Біз соларды үнемі демеп, қолдап азаматтық парызымызды орындау керекпіз.

Шараға қатысқан балаларға “Шоколадка” дәмханасының әкімшілігі де өз есебінен дастархан жайыпты.
Мектепке қажетті жабдықтарды алуға келген балғындардың жүзі қуанышқа толы. Олар бұл күні өздерін өзгелермен тең сезінгендей. Ұйымдастырушылар жаңа оқу жылына қамданған оқушыларға сыйлықтарын тарту етіп, балалардың түрлі ойындарға тартты.

Сондай-ақ бұл шараны өткізуге облыстық мәслихаттың депутатары да ат салысқан екен.

 

 

Берик Касен.