Мүтәллап Қанғожин- журналист, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
-Мағжанның арманы – жастарды оқыту. Егемен ел болу. Жастарға сендім дегені содан оның. Міне осыдан барып , Мағжанның 80 жылдан кейін өмірі жаңа басталды.
Замануаи технологиялармен жабдықтарлған кабинет ұстаздар үшін де ыңғайлы. Қабырғаларда ілінген планшеттерге ақын жайлы деректі фильмдер, материалдар жүктелген. Осылайша, кез-келген тыңдаушы смарт-ленинг бағдарламасының көмегімен 3 тілде оның мол мұрасымен таныса алады. Бұл ұстаздарды қазіргі заман талабына сай дайындау үшін қажет.
Гүлдарай Қайнетова- «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚОФ аға оқытушысы.
-Ұстаздарды жаңа заманда, жаңа жағдайда дайындау мақсатында осы Мағжанның педагогигалық ілімдерін пайдалану үшін осы кабинетті жабдықтадық. Мұнда смарт технологияларды пайдаланып, материалдарды планшеттерге жүктеп, әрбір курс тыңдаушыларына қолжетімді етуге тырыстық.
Жалпы жыл басынан бері мұнда қысқа мерзімді курстардан 1355 ұстаз өткен. Солардың 300-і гуманитарлық сабақтар бойынша дәрістер алған. Енді олар замануаи технологиялармен жабдықталған кабинетте дайындалмақ.
Магжан Ахмадина.