Құқық қорғау органдары

Жас полицейлердің слеті өтті

Жас полицейлерге аға буын өкілдері де әрдайым қолдау көрсететіндерін жеткізді. Өз кезегінде, жастар барлық міндеттерді абыроймен атқаруға дайын. Арман Тоғжанов еңбек жолын Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының бірінші бөлімінде тергеуші қызметінен бастапты.

Полицейлердің қатарын толықтырған жас қызметкерлерге тәлімгерлік қолдау көрсету – ішкі істер органдары басшылығының жіті бақылауында.

Александр Дёров – заместитель УВД города Петропавловска.

 

-Қазіргі таңда ІІБ қатарында 126 жас қызметкер еңбек етуде. Олар тәжірибелі офицерлер мен сержанттардың жанында жұмыс жасап, кәсіби шеберліктерге машықтануда. Әрине білікті мамандардан үйренері көп.

Жас мамандарға арналған слет инспектор-психолог, полиция капитаны Ляззат Мүртәлімованың психологиялық тренингтері мен тәжірибелік сабағымен жалғасты.

Бақыт Сәдуақасов облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.