Қоғам

2050-шы жылы Қазақстанда су тапшылығы байқалуы мүмкін

Александр Пейчев – ЕҚЫҰ Орталығы Экономика мен Экология бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы.

-Халықаралық ұйымның есептеуінше, Орталық Азияда су сапасы нашарласа, оны заманауи технологияларды қолданып, іске жаратуға болады. Бұл мәселені бірақ, өзге мемлекеттерді тіршілік көзімен қамтамасыз ететін елдер бақылауы тиіс.

Бүгінгі коференцияға қатысушылар келешекте туындайтын мәселелер жөнінде сөз қозғады. Мамандардың болжамы бойынша су қорларын қорғау бойынша туындаған мәселелерге назар аударылмаса, шамамен жарты ғасырдан кейін қазақстандықтар су тапшылығын сезінеді.

Наталья Белецкая – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры.

-Есіл өзенінің Орталық Қазақстандағы бөлігіне жүргізілген зерттеулер климаттың жедел түрде құрғап жатқанын көрсетті. Температура көтерілуде, жауын-шашын мөлшері төмендеп жатыр. Осы анықтамаға сүйенсек, біз Есіл өзеніндегі судың азаятынын болжай аламыз.

Өткен жылы Петропавлда осы сынды конференция жергілікті деңгейде өткен болатын. Сол жиынға қатысушылар аймақтық су орталығын құруды ұсынған болатын. Енді оның ашылуымен ЕҚЫҰ қарамағындағы «Солтүстік Қазақстандық Орхустік орталығы» қоғамдық қорының өкілдері айналысуда.

Владимир Смирнов – «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

– Аймақтық су орталығы әзірше Қазақстан бойынша еш жерде жоқ. Ол орталықты құру қазір ғана қолға алынып жатыр. Біздің өңірде ашылуын өзге облыстар да күтіп отыр. Олар бастапқы жұмысы қалай болатынын бақылап көрмек. Қиыншылықтарын біз алғашқы болып байқаймыз. Одан кейін өзге аймақтармен тәжірибе бөлісеміз.

Егер де барлық сұрақтар оңтайлы шешімін тапса, мамандар Жапонияға барып машықтануды көздеп отыр. Одан кейін елге оралып еңбектенбек.

Павел Дмитриев – «Экосфера» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы .

-Бәріміз білетіндей, біздегі ауыз судың бірден-бір қайнар көзі – Есіл өзені. Әрине тіршілік көзін таратуда оның мөлшері мен сапасына бейжай қарауға болмайды. Сондықтан, бұл мәселемен облыс бойынша біздің орталық айналысу керек деп шешілген.

Халықаралық конференция екі күнге жалғаспақ.

 

Риат Шони.