Мәдениет

Татар халқының ақынын еске алу кеші өтті

Лия Шакирова – облыстық “Дослық” татар-башқұрт орталығының мүшесі.

-Татар халқының жазушысы Мұса Жәлилді еске алу кешін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз. Биылғы мерейтой тек қана Қазақстанда емес, сонымен бірге басқа елдерде де кең көлемде аталып өтілуде. Бүгінгі шарада ақынның өмірі мен ерлігі жайында айтылып, жазушының шығармаларынан үзінділер оқылатын болады.

Мұса Жәлил шығармашылықпен айналысудан бөлек, ер азаматқа тән батылдық пен қайсарлық үлгісін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Оның поэзиясы, өмірі және мұң мен шерге толы тағдыры – қайтпас қайсарлық пен ерліктің үлгісін дәріптеген, дейді шығармашылық кешке жиналғандар.

Фаузия Файзулина – облыстық “Дослық” татар-башқұрт орталығының мүшесі.

-Мұса Жәлелдің шығармалары татар ұлтының ғана емес, сондай-ақ еліміздегі барша бауырлас халықтардың рухани игілігіне айналған бірегей туындылар саналады. Ол Орынбор губерниясындағы Мустафино ауылында ескі заттарды сатумен айналысқан шаруаның отбасында дүниеге келді. Есейген соң, Орынбордағы Хұсайния медресесін бітірген. Алғашқы өлеңдерін ол революция тақырыбына арнаған.

Орталық өкілдері осы кеште ұлы ақыннның 20-ға тарта өлеңін орындап, татар халық әндерін шырқады.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.