Білім

Тамыз конференциясы қарсаңында балабақша тәрбиешілерінің секциялық кеңесі өтті

Күлшара Қасенова – “Батыр” бөбекжай балабақшасының меңгерушісі.

-Бүгін “Батыр” бөбекжай балабақшасының базасында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетекшілерімен секциялық кеңес өтуде. Біздің бөбекжай балабақша бостан-босқа таңдалған жоқ. Мекемеде білім беру кеңістігінің ортасын құру жүйесі атқарылған. Аталған ғимараттың іші де, сырты да балаларға кішкентайынан қоғамның мүшесі ретінде сезінуге септеседі. Балабақшада алған барлық тәрбиенің арқасында балғындар еліміздің жарқын болашағы болады деп сенемін.

Талқылаудан кейін кеңеске қатысушылар бөбекжай балабақшасындағы балғындардың әр күнін қалай өткізетіндерімен танысты.

Ал мына жерде арт-терапия қарастырылған. Балғындар жүрек пішініндегі ыдысқа құйылған айранға түрлі-түсті боямен өздерінің ойларын білдіреді. Мекеменің сыртында балаларға арнап безендірілген аула бар. Мұнда қазақтың киіз үйі мен славяндық пешті кездестіруге болады. Сонымен қатар, ауылға барып көрмеген балғындар қаз, әтеш, қоян мен күрке тауықпен “Батыр” бөбекжай балабақшасында жақынырақ таныса алады. Бұлардың барлығы балғындарға сапалы тәрбие беруге септесетін көрінеді.

Алтын Манапова – Ш.Уәлиханов ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің әдіскері.

-“Батыр” бөбекжай балабақшасы меңгерушісінің арқасында біраз жұмыстардың атқарылғанына көзіміз жетіп отыр. Мария Монтессорийдің әдісін өте қызықты көрсетті. Оған қоса балалардың бөлмелерімен таныстық, тәрбиеленушілердің даму деңгейінің жоғарлауын көрдік.

Осындай кеңестер тамыз конференциясының алдында жыл сайын өткізіледі.

 

 

Риат Шони.