Спорт

“№ 1-ші Боулинг-Орталығы” ойын-сауық кешені мектеп оқушыларына турнир ұйымдастырды

Николай Ильин, жанкүйер.

-Жарыс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Қазіргі кезде компьютер мен телефоннан қолы босамайтын балаларымыз үшін бұл жақсы деп ойлаймын. Боулинг әрі денені шынықтырудың, әрі көңілді демалудың таптырмас түрі. Бүгінгі жарыста бақтарын сынап жатқан балалардың бәріне сәттілік тілеймін. Ал, өзімнің балам Андрейге жеңіс тілеймін.

Ойын-сауық кешенінде боулнингтен қалалық турнир дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Диана Усольцева мұндай жарыстарды қалт жіберіп көрген емес. Әр дайым үздік 10 спортшының қатарынан көрініп жүр. Диана бұл жолы бас жүлдені алуға барын салатынын айтады.

Диана Усольцева, турнирге қатысушы.

-6 жыл қатарынан ойнап жатырмын. Бұл спорттың түрі маған өте ұнайды.

Қатысушылар жоғарғы ұпай жинау үшін боулинг шарының жолындағы бар кеглиді алғашқы мүмкіндіктен бірақ қағып құлату керек. Бұл “страйк” деп аталады. Бірақ, ең жоғарғы ұпайды жинау-кез келгеннің қолынан келе бермейді. Әйтсе де, балалар барын салып бағуда.

Роман Козырь, турнирге қатысушы.

-Маған боулинг өте ұнайды. Жартылай финалға іріктеуде қазір мен 1 ғана страйк соқтым. Ойынның соңына дейін көрсеткіштерім жақсаратын шығар. Негізі бұл жарыстың болатынын әке-шешемнен естдім. Сөйтіп, бағымды сынап көруге келдім.

15 жылдың ішінде “№1 Боулинг-Орталығы” қала тұрғындары үшін сүйікті әрі тұрақты демалыс орнына айналып үлгерді. Олардың бұл спорт түріне деген қызығушылығы артпаса, кеміген емес дейді ұйымдастырушылар.

Ботагөз Жүнісова, “№1 Боулинг-Орталығы” ойын-сауық кешені директорының орынбасары.

-Жазғы каникулдардың аяқталар кезінде біз жыл сайын “Көңілді демалыс” атты қалалық турнирді өткіземіз. Балалардың барлығы жарысқа қуана қатысады. Ойын олимпиадалық жүйеде өткізілуде. Және ойын-сауық кешеніміздің 15 жылдығына орай барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етеміз.

Жеткіншектер 3 кезең бойынша жарысқа түсті. Сөйтіп, қалалық турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Адик Ибрагимов алса, Даниель Сартаев күміс медальді тағынды. Ал, үздік үштікті Рейнарт Едуард қорытындылады.

 

 

 

Бану Ахметова.