Әр түрлі

Петропавлда тропиктік құстардың көрмесі ашылды

Владислав Баязханов – көрме ұйымдастырушысы, Павлодар облысы.

-Оның мысқыл сезімі бар, адамдардың айтқан сөзін түсінеді, өзі тыныш емес. Ол қолға үйренген тотықұс. Қаласа, жаңғақты да шаға алады.

Павлодар облысынан келген меймандар Петропавлға тотылардың 22 түрін жеткізген. Бұл құстарды олар Австралия мен Оңтүстік Америкадан арнайы жеткізген. Араларында Тукан Токо да бар. Бұл тоты өзінің үлкен, ашық түсті тұмсығымен ерекшеленеді. Оның тұмсығының ұзындығы, денесімен бірдей.

Владислав Баязханов – көрме ұйымдастырушысы, Павлодар облысы.

-Бұл тотының түріне қарасаңыз, өте мейірімді сияқты. Бірақ, шынында ол-жыртқыш саналады. Егер де кішкентай құс қасынан ұшып бара жатса, ол мезетінде шабуылдай бастайды.

Құстар көрмесінде жалғыз ғана ақ қолды гиббон маймылы бар. Оның есімі Боня, жасы 2-де. Бұл жануардың салмағы 4-тен-13 келіге дейін жетеді, ал өмір сүру ұзақтығы 20-25 жыл.

Иван Шабанов – «Баязханов» ЖШС қызметкері, Павлодар облысы.

-Ол өте белсенді. Қытай елінен жеткізген. Ол біздің еркетайымыз. Бұл тұқымды маймылдарда адамдарда сияқты 4-ші теріс резусты қан тобы кездеседі. Көп жүгіреді, тәттілікті жақсы көреді.

Тропиктік құстардың көрмесі еліміздің бірнеше қалаларын аралаған. Өңір оқушылары көрмеден мол әсер алғандарын айтады.

Тропиктік құстардың көрмесі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 26 қазанға дейін жұмыс істейді.

 

 

 

Сагыныш Маркашева.