Білім

Өңір педагогтары бас қосты

Мысалы, мына секцияда физика, математика пәндерінің мұғалімдері бас қосты. Білікті мамандар өткен оқу жылында үйренген тың әдістерін әріптестеріне үйретуде. Қанифа Елеусізова 30 жылға жуық физика пәнінен оқушыларға сабақ береді. Жақында арнайы курстан өтіп, шәкірттің пәнге қабілеттігін анықтайтын жаңа сынақ түрін меңгеріпті. Үйренгенімен бүгін шеберлік сағатында әріптестерімен бөлісті. Ол арнайы тест тапсырмалары арқылы оқушылардың функциональдық сауатылығын бағдарлауға болатынын айтады. Және тесті барлық пәндерде қолдана беруге болады екен.

Қанифа Елеусізова, қалалық классикалық гимназиясының физика пәні мұғалімі.

-Тест тапсырмалары жеке тұлғаның дамуына, жаңа білім алуына, сондай-ақ жаңа техниканы меңгеруіне мүмкіндік береді.

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясындағы секциялық отырыстар бұл жолы облыс орталығындағы 4 мектепте өтті. Оған жалпы 530-ға жуық өңір педагогы қатысты.

Айгүл Жылқожина, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақапраттық технологиялар орталығы жетекшісінің орынбасары.

-Тамыз педагогикалық кеңесіне қатысушыларды 27 секцияға бөлдік. Біз бүгін мектеп директорларын, білім беру бөлімінің әдіскерлерін, балақбақша тәрбиешілері мен жалпыға міндетті пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдерді секцияларға жинадық. Олар отырыста өткен оқу жылында туындаған мәселелерін ортаға салып, талқылады. Және білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы тақырыбын талқылады.

Сондай-ақ кеңес барысында жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары талқыланды. 1-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгеретін оқушыларды оқулықпен қамту жайы қаралды.

 

 

 

Берик Касен.