Қоғам

Жылыту маусымына дайындық шаралары сылбыр жүргізілуде

Мына 7 қабатты жаңа үй пайдалануға 4 жыл бұрын берілген. Төбе жабындысы жұмсақ болғаннан кейін бір бұрышы тесіліп, жаубыр жауса су аққан. Содан, Нина Клишина тұрғындармен келісіп, 1 подъездің шатырын жөндеп алыпты. Қайта қалыпқа келтіру жұмыстарына 300 мың теңгеден астам қаражат жұмсалған. Үйді қалай баптауды білетін білікті маман кейін кеш қалмау үшін баспананы қысқа ерте дайындау қажет дейді. Ол қарауындағы барлық үйге жуып-шаю жұмыстарын да жүргізген.

Нина Клишина – Васильев көшесі 61, “В” үйінің басқарушысы.

-Біз құбырларды жуып-шаю жұмыстарын шілде айында тындырдық. Жылда жылу беру маусымына ерте қамданамыз. Тиісті құжаттарды жақын арада алуға тиіспіз. Қазір ұсақ-түйек шаруа ғана қалды.

Бүгінде Петропавл қаласы бойынша тек 200-ден астам үйде ғана маңызды маусымға дайындық шаралары жүргізіліпті. Жылыту науқанына аз-ақ уақыт қалса да тұрғындар асығар емес.

Дәулет Қалиасқаров- Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

-Қалада жуып-шаю жұмыстарымен 4 кәсіпорын айналысады. Ертең жылыту маусымы таяған шақта барлығы бірдей жуып-шаю жұмыстарына кіріскен жағдайда жұмыстың көптігінен мамандар үлгермей қалуы мүмкін. Көбісі әлі жөндеу жұмыстарын аяқтаған жоқ. Сол себепті, тұрғындарға айтарым, жылыту науқанына дайындық барысына қарқын қосу қажет.

Бүгінде облыс орталығында 1000-нан астам көпқабатты үй бар.

 

Магжан Ахмадина.