Білім

Ұстаздар қауымы тамыз конференциясына дайындалуда

Елена Коноплева- Бірінші қалалық білім беретін лицейдің директоры.

-Лицейде оқушыларға жалпы білім беретін мықты кеңістік құрылған. Ол техникалық жаңартылу ғана емес, білікті мамандардың да балаларға жаңа үлгіде білім беретіндігінде. Электрондық білім беру сапасын арттыру үшін бізде 100-ден артық компьютер жұмыс істеп тұр. Оқу ордасы білім саласында енгізілетін жаңашылдықтарды да үнемі құптап отырады. Балалардың ағылшын тілін терең меңгеруі үшін де көптеген жұмыстар атқарылуда.

Оқу ордасы білім саласындағы инновациялық әдістерді енгізу бойынша да ауқымды жұмыстар атқаруда. Жуырда өтетін білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында мектеп директоры Елена Коноплева әріптестерімен өз жетістіктері және тәжірбиелерімен бөліспек. Жиында білім саласының дамуы мен инновациялық стратегиясы талқыланады. Сондықтан маңызды шарада сөз алатын Елена Коноплева ең алдымен, әдістемелік жұмысқа тоқталмақ. Оның ойынша, бұл шаруа қазіргі күні қолданып жүрген формалдық жүйеден инновациялық бағытқа ойысуы қажет.

Елена Коноплева- Бірінші қалалық білім беретін лицейдің директоры.

-Қазіргі ұстаздар жаңа бағдарламаларды меңгеріп, солар бойынша жұмыстарын құра алуы қажет. Екіншіден, электронды білім беру жүйесін дамыта түсу керек. Соның арқасында біз қалалық балаларға ғана емес, ауылды жерде тұратын оқушыларды да сапалы біліммен қамтамасыз ете аламыз. Жас мамандармен жұмыс істегенде де біз оларды ең алдымен мықтап үйретіп алу керекпіз. Және ең маңыздысы – ол мектеп алды даярлық топтарындағы балғындардың бірден оқуға деген құлшынысын арттыру керек. Ата-ана оқушылардың оқуын қадағалап, білім беру жүйесіне белсене араласуы қажет.

Оқу ордасы биыл ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің қортындысы бойынша облыста 3- ші орынды еншілеген.

 

Магжан Ахмадина.