Бизнес және экономика

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді белсенді болуға шақырады

Кедендік одақ аясында қазақстандық іскерлер Ресей нарығына еркін кіре алады. Алайда, қазақстандық кәсіпкерлер мемлекет қолдауын пайдалануға әлі де болса құлықсыз. Осы уақытқа дейін экспортқа лайықты өнім шығарылмаған. Оның үстіне кей тауар түрлері бойынша өзге түгіл, өз қажеттілігімізді қамти алмай отырмыз делінген Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаевтың үндеуінде. Осы орайда, ұйым өкілдері кәсіпкерлер қауымын «Бизнес- мобилизация» акциясына белсене қатысуға шақырады. Яғни, олар бәсекеге қабілетті тауар өндіріп, өз өнімі жайлы шағын бейнеролик түсірулері қажет. Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 1 ай уақыт ішінде салалық қауымдастықтар және кәсіпорындармен бірге қордаланып қалған мәселелерді шешуге атсалыспақ. Бұл жұмыстар барлық ауданда ұйымдастырылады.

 

Магжан Ахмадина.