Қоғам

“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасының орындалуы

Инна Маслова – «Арман – Черёмушки» ПИК төрағасы.

-Бұл өте жақсы бағдарлама. Басқа үйлердегі жөндеу жұмыстарының нәтижесін көріп, бірден бағдарламаның қызметіне жүгіндік. Енді жұмыстардың аяқталуын тағатсыздана күтеміз.

18-ші үйді жөндеуге 12 млн. теңгеден астам қаржы бағытталған. Бұл соманы петропавлдықтар 21 жылдың ішінде қайтарулары қажет. Бұл үйде 12 пәтер бар. Жөндеу жұмыстары үшін ай сайын екі бөлмелі пәтер иелері 2820, ал үш бөлмелілер 4339 теңге ақша төлейді. «Констэл Монтаж» ЖШС-ің жұмысшылары екі нысанды осы айдың соңына дейін тапсырулары қажет. Жалпы мұнда 20-ға жуық адам еңбектенуде. Андрей Сараев сылақшы болып істейді. Құрылыс саласындағы өтілі 10 жылдан асады.

Андрей Сараев – «Констэл Монтаж» ЖШС сылақшысы.

-Барлық материалдар жақсы. Ауа райы да жөндеу жұмыстарын мерзімінде тапсыруға септесуде. Бәлкім одан ертерек аяқтайтын болармыз. Жалпы үйдің қасбеті 80%-ға дайын.

Ғимараттағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жаңа жылыту маусымына да қамданып үлгеру керек. Үстіміздегі жылы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін СҚО-на республикалық бюджеттен 770 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл қаржыға тағы 43 көпқабатты баспана жөнделмек.

Сергей Худяков, СҚО ПИК ассоциациясының төрағасы.

-Үйлер әзірленді, жобалық-сметалық құжаттар өңделді, жергілікті тұрғындар жүргізілген жұмыс көлемі бағасына сәйкес келе ма жоқ па, бұған күмәнданбау үшін мемлекеттік тексеріс өткізілді. Егер, “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы аясында үйлердегі жылу шығындарын 20%-ға төмендете алсақ, онда біз жұмсаған шығынды 2,5-3 жылдың ішінде өтеуге болады.

Айтпақшы, қаржыны қайтару жөнінен біздің аймақ үздік үштікке кіреді.

Сергей Худяков, СҚО ПИК ассоциациясының төрағасы.

-Біз жоспардан алда келеміз. Менде өткен айдағы көрсеткіштер бар. Жоспар бойынша 320 млн. теңге жиналуы керек еді, қазір 350 млн. теңге қайтарылды. Тұрғындар уақтылы төлеп жатыр. Ал сол жиналған қаржы басқа үйлерді жөндеуге бағытталады.

Көпқабатты баспана иелері үйлерінде жүргізіліп жатқан шаруаның сапасын өздері де қатаң бақылай алады.

 

 

 

Риат Шони.