Қоғам

Қалыңдық үйін қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Ұқыптылық пен тиянақтылықты талап ететін ауқымды істі Батыс Қазақстан облысынан келген білікті 13 маман атқаруда. Қазір мұнда топырақты құрғату шарасы жүріп жатыр. Жұмыс көп уақытты қажет етеді. Өйткені, ғасыр тұрған баспананың қабырғаларына сыз өтіп кеткен. Құрылысшылар құрғатпаған жағдайда ескі ғимарат құлап қалуы мүмкін дейді.

Жанғали Мұқанов, “Қазреставрация” РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының прорабы.

-Бұл игі шаралар елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Біз былтыр Айыртау ауданындағы “Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені” мен Айғаным қонысын қайта қалыпқа келтіруге ат салыстық.

Жанғали Мұқановтың сәулет-құрылыс саласында жүргеніне – 30 жыл. Ол бойына тарих сіңген осындай ғимараттарды уақыты келгенде жаңғыртып отыру қажет дейді.

Жанғали Мұқанов, “Қазреставрация” РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының прорабы.

– Бүгінде көненің көзі ретінде бұл жәдігерлерді бұзбай кейінгі ұрпақ үшін сақтапқалу керек. Бұған олар түсіністікпен қарайды. Мен соған қуанамын.

Ел аузында “Қалыңдық үйі” аталып кеткен екі қабатты ғимаратты жаңғыртуға қажетті материалдың барлығы жергілікті жерде сатып алынуда. Келесі жылы үйдің ауласы жөнделеді.

 

 

Берик Касен.