Спорт

Футболдан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтуде

Өз кезегінде көкшетаулық футболшылар қарымта шабуылдарды үдетті. Олар 18-ші минутта қызылжарлықтардың қақпасынан саңылау тауып, гол соқты. Сөйтіп, бірінші таймда екі команда 1:1 есебімен тең түсті. “Оқжетпес” футбол командасының бапкері бұл чемпионатта турнирлік кесте бойынша әзірге алда келеміз, – дейді.

Нұрбек Нұрсейітов -“Оқжетпес” ФК жаттықтырушысы.

-Қазіргі уақытта жарыстың топтық кезеңі жалғасып жатыр. Жалпы, турнирлік кесте бойынша 2-ші орынды ешкімге бермей, мүмкіндігінше ұстауға тырысудамыз.

Көкшетау қаласының ойыншылары бұл ойында жеңіске жетуге үмітті.

Владимир Черняков – “Оқжетпес” ФК ойыншысы.

-Ойын өте тартысты өтуде. 10-шы нөмірдегі футболшымыз командамызға алғашқы ұпайды сыйлады. Бүгін жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Екінші таймда қонақтар Қызылжар командасының қақпасына тағы бір гол соғып, есепті еселей түсті. Осылайша, “Оқжетпес” командасы алаң иелерін 2:1 есебімен жеңді.

 

Бакыт Садуакасов.