Мәдениет

Алматылық “Алатау гүлдері” вокалдық тобының концерті

Прасковья Савинкина – «Алатау гүлдері» вокалдық тобының жетекшісі, Алматы қаласы.

-Біздің ұжым 2002 жылы құрылды. Вокалдық топ 7 әйел адамнан тұрады. Біздің концерттік бағдарламамызда ТМД елдері халқының әндері, класикалық туындылар бар. Біз орындайтын шығармалардың саны 50-ден асады.

Вокалдық топ Алматы қаласындағы өзге өнер ұжымдарымен қоян-қолтық араласады. Өздерінің шығармашылық кештеріне әнші әріптестерін де шақырады екен. Бүгін “Алатау гүлдерінің” концетіне алматылық әртістер Азамат Айтжанов пен Ержан Дүйсенбиев қатысты.

Ержан Дүйсенбиев – “Атамұра” халық аспаптары ансамблінің жетекшісі, Алматы қаласы.

-Бүгін екі сағат көлемінде концерт өтпек. Жалпы “Алатау гүлдері” вокалдық тобыныңы жетекшісінің туып-өскен жеріне келіп осындай шара ұйымдастыруға ниеттенген. Соған көмектесуге өтінді, мен оны қабыл алып, міне бүгін Петропавл қаласына келіп отырмын.

Бүгін сахна төрінде әндер бірнеше тілде шырқалды. Халық өлеңдердің барлығын зор ықыласпен тыңдады. Солардың бірі – Қадыр Мырзалиевтің сөзіне, Ескендір Хасанғалиевтің әніне жазылған “Атамекен” туындысы.

Алматылық “Алатау гүлдері” вокалдық тобы осыдан кейін концертпен Смирново селосының тұрғындарын қуантпақ.

 

 

Риат Шони.