Қоғам

Сотталушы әйелдер арасындағы сұлулар байқауы ұйымдастырылды

Айқын Баженов, ЕС-164/6 түзету мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары

– Байқауға 11 үміткер қатысуда. Оның 2-уі Ольшанкадағы колониядан келді. Келіншектер дефиле, өзін-өзі таныстыру, жеке шығармашығы аталымдарында бақтарын сынайды. Оған қоса бүгін сотталушылар өздерінің қолданбалы туындыларын жұртшылық назарына ұсынып, ниет танытқандарына шеберлік сыныбын өткізуге мүмкіндік алады.

Көрме-байқаудың барысында нәзік жандылар көрермендерді аспаздық қабілеттерімен таң қалдырды. Мына ұзындығы үш метр болатын тортты байқау үміткерлері өздері әзірлеген.

Үміткерлер үшін бүгінгі мереке өзінше ерекше. Бұрымдылар подиумға шығар алдында толғаныс-тебіреністерін жасырмады.

Диана Большакова, жазасын өтеуші

– Осы шараға дайындалу үшін біраз уақытымды арнадым. Қазір ерекше толқуда тұрмын. Осы сайыстан жүлделі орынға ілігмеін деген үмітім басым.

Мәрияш Тоғжанова да осы көрме-байқауға қатысу үшін біраз тер төккенін айтады. Ол да жеңістен дәмелі.

Марияш Тоғжанова, жазасын өтеуші

– Мен бұрындары осыған ұқсас сайыстарда қатысып көрдім. Сондықтан оның қалай өтерін жобалап білемін. Әділ қазылардың назарын өзіме аударту үшін үстімдегі мына киімдерді өз қолымен піштім. Бетіме опа-далапты өзім жақтым. Бұл жарыс мен үшін маңызды.

Осы жерде жұртшылықтың назарына сотталған әйелдер жасаған туындылар да ұсынылды. Байқау соңында көрермендер шағын алаңдағы концертті тамашалап, оның арты мерекелік биге ұласты.

Берик Касен.