Қоғам

“Мектепке жол” шарасы жалғасуда

The YouTube ID of pdT5NzpUXX is invalid.

Қарлығаш Абаева, СҚО бойынша сот актілерін орындау департаментінің аға сот орындаушысы

– Республика көлемінде жарияланған акциядан бізде шет қалмадық. Сондықтан көптен бері алиментті өндіріп ала алмай жүрген аналардың балаларына мектепке қажетті кеңсе тауарларын сыйлауды жөн санадық. Сөмкелердің ішінде 1-2-3 сынып оқушыларына қажетті заттардың барлығы бар. Мұндай акцияны былтыр да өткізген болатынбыз. Бұған қажетті қаражатты сот актілерін орындау департаменті бөліп отыр.  

Сот орындаушылары дәптер, қалам, бояулар мен өзге де мектептке қажетті заттар толлы сөмкені 10 балаға берді. Балаларына осындай көмектің көрсетіліп жатқандығына олардың аналары дән риза.

Галина Женалина

– Сот орындаушыларына осындай көмек көрсетіп жатқандығына алғысымды білдіремін. Бұл біз үшін үлкен жәрдем.

Мұндай сыйлыққа бүгін 8 жастағы Әйгерім Темірғали де ие болды.

Әйгерім Темірғали

– Мен бірінші сыныпты 5 деген бағамен бітірдім. Биыл екінші сыныпқа барамын. Маған осындай көмек көрсеткендеріне алғысымды айтамын. Алдағы уақытта сабағымды тек 5-ке оқуға уәде беремін.

Жаңа оқу жылына небары 10 күн қалды. Сондықтан осы күні кеңсе тауарлары мен мектеп формасына қаладағы 20-шы орта мектепте оқитын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары да ие болды.

Шарғия Мұқышева, №20 орта мектептің директоры

– Оқушыларға кеңсе салынған сөмке бердік. Және биыл бірінші сыныпқа баратын бір балаға мектеп формасын кигіземіз.

Мектепке қажетті кеңсе заттарымен толтырылған сөмкені бүгін аталмыш білім ошағының 17 оқушысы алды. Бұл мақсатта жалпы оқыту қорынан 82 мың теңге бөлініпті. Жаңа сөмкеге ие болған оқушылар алдағы уақытта сабақтарын жақсы оқып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

Асылым Нұрсейіт, №20 орта мектептің оқушысы

– Мен мұндай көмекті бірінші рет алдым.Өте қуаныштымын.
Ерболат Жасұлан, №20 орта мектептің оқушысы
қаз: Мен сабағымды 5-ке оқимын. Алдағы уақытта архитектор болғым келеді. Ол үшін оқуымды жақсы оқимын.

Жыл сайын бұл мектептегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен қамтылып, оларға бірінші кезекте кітаптар үлестіріледі екен.
Ахметова Бану.