Билік

Өңірлік үйлестіру кеңесінде кәсіпкерлердің 8 жобасы қаралды

Мұрат Теміров, – “Delta Bank” филиалының директоры

– Аталмыш жоба Сергеевка қаласында жүзеге асырылады. Көлік жөндеу бекетіне ауыр жүк көтергіш сатып алынады. Және автожуу бекеті салынады. Бұл серіктестік қазір жұмыс істеп тұр. Жоба кәсіпкер әйелдерді қолдау бағдарламасы аясында 12 % жылдық мөлшерлемен жүзеге асырылады.

Бұл жоба кеңес мүшелері тарапынан қолдауға ие болды. Сондай-ақ отырыста жеке кәсіпкер Владимир Левиннің өтініші қаралды. Бизнесмен бүгінде үй жиһаздарын құрастырумен айналысады. Ол мемлекет қолдауы арқылы жүк көлігін сатып алмақшы және жиһаз жөндейтін қосымша цех салып, тауарын саудалайтын тағы бір дүкен ашуды жоспарлап отыр.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Бәріңіз білесіздер, бұл кәсіпорынның жиһаздары нарықта жоғары сұранысқа ие. Сондықтан мен аталған істің алға ілгерілеуі үшін сіздерге оған дауыс берулеріңізді сұраймын.

Бұдан бөлек кеңесте өңір кәсіпкерлерінен тағы 5 жоба ұсынылып, оларға қатысты оң шешім шығарылды. Қаралған құжаттың қатарында Петропавлдағы темірбетон өндіретін зауытты жаңғырту ісі де бар. Тек 1 жоба ғана мақұлданбай, қайта қарауға жіберілді.

Жалпы өңірімізде 3 жыл ішінде 1 млрд теңгеден астам несие бойынша 20 млн теңгенің субсидиясын төлеу жоспарда бар.

Берик Касен.