Қоғам

Сиқы қашқан саябақ

– Мен бұл саябаққа жиі келіп, таза ауада тыныстаймын. Әрине бұл аумаққа гүлдер отырғызып, көрік беру қажет.

– Өз басым баламмен осы саябаққа келіп отырамын. Жиектастары әктелмеген, шөптер қаулап өсіп кеткен. Тіпті арасындағы гүлдер де көрінбейді.

Екатерина Қадырбаева Ресей Федерациясының Қорған облысында тұрады. Қария Петропавлдағы қызы мен немересіне қонаққа келіпті. Зейнеткер осы саябақта серуендеп, әрдайым таза ауада тыныстайды. Мейман бұл аумақты көркейтуді мықтап қолға алу керек дейді.

Екатерина Қадырбаева – Қорған облысының тұрғыны, РФ

– Мына жердегі еккен ағаштары көгеріп тұрған жоқ, қурап жатыр. Салғандары ыңғайсыз. Отыратын, демалатын жер емес. Шыжып тұрған күннің көзінде отырамыз. Сонысы ыңғайсыз. Гүл ексе де оңды болар еді, олары да жоқ. Шамасы дұрыстап күтпейді.

Саябақтың абаттандырылуына қатысты қалалық әкімдікке хабарласқан едік. Бірақ ондағылар бұл аумаққа “біз жауапты емеспіз”, саябақ ХҚҚО тиесілі деп, сілтей салды. Бір қызығы, ХҚКО мамандарының да аталмыш жүдеу саябақты күтіп-баптауды өз мойындарына алғысы жоқ.

 

Бакыт Садуакасов.