Қоғам

Қаланың кәріздік құрылғыларын жаңғырту шаралары кешеуілдеуде

Сергей Визеров – «Қызылжар-су» ЖШС бас инженері

– Жоспардағы жұмыстардың кешеуілдеуіне нақты кінәлілер жоқ. Өйткені, мердігерлер бірінен соң бірі ауысып, жаңалары бұрынғысының шаруасын алғысы келмейді. Сол себепті де жаңғырту шаралары созылып кетті. Енді бүгінгі жиынынан кейін жұмысқа қарқын қосылады деген ойдамын.

2005 жылдан бері құрылыс жұмыстары ара-тұра тоқтатылған. Осы жолғы кездесуде Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закарьянов «Велена» ЖШС-нің басшылығына жұмыс толыққанды орындамаса, келісімшарттың бұзылатынын ескертті. Мердігерлер өз кезегінде, берілген тапсырманы мерзімде аяқтау үшін бар күшімізді саламыз дейді.

Берік Салданов – «Велена» ЖШС директорының орынбасары

–  Жұмыс барысында туындаған барлық сұрақтар шешілді. Ол қымбат құрылғыларды Қазақстанға жеткізу мәселесі болған еді. Бұл шаруаға 2-3 ай кетіп қалды. Ендігі кезекте нысанды уақытында тапсыру үшін жұмысқа қарқын қосамыз. Бүгінгі жиында айтылғандай, біз барлық жұмысты 2014 жылы қарашаның 15-не дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бірақ келісмшарт бойынша біздің жыл соңына дейін уақытымыз бар.

Жиында “Оңтүстік коллекторды” жаңғырту жайы да талқыланды. Бұл жұмысты да “Велена” ЖШС-і жүргізуде. Аталған нысанда да бірқатар кемшіліктерге жол берілген.

Сергей Визеров – «Қызылжар-су» ЖШС бас инженері

– Оңтүстік коллекторды” жөндеуге де “Велена” ЖШС-і келісімшартқа қол қойған. Ол жерде құбырларды төсеу бойынша біршама қиындықтар бар. Жобалау жұмыстарын қайта қарау керек. Қазір ұйымдастыру мәселелері жүріп жатыр. Нысан осы жылдың аяғына дейін тапсырылады деп ойлаймын.

Сонымен қатар қала әкімі өзге де жұмыстардың атқарылуына көңілі толмайтындығын жеткізді.

 

Сагыныш Маркашева.