Білім

Оқушылар біріңғай мектеп формасына көшуде

Татьяна Анцибор – №10 орта мектебінің директоры

– Біз мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізіп, онда біріңғай мектеп формасына қатысты талаптарды қабылдадық. Жиналыста сұр түсті киім кию керектігі шешілді. Онда мектеп формасының үш түрі қарастырылған. Ол күнделікті, мерекелік және спорттық киім. Бастысы мектеп киімінің матасы санитарлық ережелер мен нормаларға сай болса болғаны.

Мектеп формасын киетін оқушылардың саны жыл сайын артуда. Мәселен, 2012-2013 оқу жылында 4,5 мың мектептің 1,6 миллион оқушысы, ал 2013-2014 оқу жылында 5 мың 400 мектептің 1,8 миллион оқушысы бірыңғай форма киген екен. Мектеп формасының бағасы – үлгісі мен жиынтығына қарай 4,5-13,5 мың теңге аралығында.

– Мен оқушылардың біріңғай мектеп формасын киюлерін құптаймын.

– Біздің сыныптың барлығы біріңғай киіммен жүреді. Түстері де әдемі.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазақстандық ата-аналардың 80 пайызы балаларының мектеп формасын кигенін қалайды екен.

 

Бакыт Садуакасов.