Қоғам

Мұрағаттық анықтаманы 15 күн ішінде алуға болады

Әлішер Баймағанов, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бас маманы

– Мұрағаттық анықтамалар тұрғындарға тегін беріледі. Оны сұрататындардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, бұл қызмет түріне “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүгіну мүмкіндігі бар. Ол үшін алдымен, ХҚКО-на барып өтініш беру қажет. Бұдан былай, сұратқан құжатын 15 күн ішінде алуға болады. Мемлекеттік қызмет тегін.

Семинарда облыс, қала және аудандардың мемлекеттік мұрағаттарының өкілдері бас қосты. Бүгінде қалалық филиалда 10 маман еңбек етеді. Оның 4-еуі мұрағатшы. Олардың айтуынша, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін бүгінде барлық жағдай қарастырылған.

Адина Канафина, қалалық мұрағаттың хатшысы

– Біз жеке және заңды тұлғаларға еңбек өтілі, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомствалық наградалармен марапатталуын, зейнеақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылуын, ғылыми атақ, емделу, мүліктік құқықтар туралы растау құжаттарын береміз. Бізге өзге аймақтар мен алыс шет елден құжат сұратып келетіндер де бар. Жыл басынан бері біздің мекемеде шамамен тұрғындарға 4 мыңға жуық қызмет көрсетілді.

Бүгін жиын барысында теріскейлік мұрағатшыларға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты жаңа стандарттар мен регламент таныстырылды. Бұл құжат үстіміздегі жылдың маусым айында өзгертілген. Сондай-ақ бүгін көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында “е-акимат” бағдарламасы қолға алынды. Аталмыш жобаның енгізілуімен мамандардың жұмысы айтарлықтай жеңілдеген.

Берик Касен.