Денсаулық сақтау

Эбола вирусына қарсы шаралар

Александр Мельниченко- СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы

– Бүгіндері «Эбола» вирусын жұқтырған адамдар 2000 асып жығылса, қаза тапқандар саны- 1200-ге жеткен. Бұл дерт ауру адаммен қарым-қатынас жасаған кезде таралады. Ортақ киім- кешек, заттарды пайдаланғаннан туындайды. Сондықтан болар безгекке шалдығу көрсеткіші өте жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары «Эбола» вирусының салдары бүкіләлемдік апатқа соқтыруы мүмкін деп топшалап отыр. Өйткені, аурудың таралу қарқыны тым жоғары. Ал күрес шаралары қауқарсыз. «Сақтықта қорлық жоқ». Батыс Африка елдерін жайлаған індеттің елімізге келмесіне кім кепіл? Сондықтан қазіргі күні мамандар, Африка елдеріне сапарға шығудан бас тартып, сақтық шараларын күшейту қажеттігін ескертеді.

Галина Лукашевич- №2 қалалық емхананың дәрігер- инфекционисті

– Қазір шетелге шығатындар саны көп. Әсіресе жаз мезгілінде демалуға баратын туристер сақтық шараларын мықтап қолға алулары қажет. Не мүлдем ондай саяхаттардан бас тарту керек. Әрине біз аурухана қызметкерлеріне ескерттік. Оқу- жаттығу жұмыстарын өткіздік. Семинарлар ұйымдастырдық.

Эбола вирусын жұқтырған кезде, науқастың дене қызуы көтеріледі. Қан кетіп мен буындары да қатты сырқырайды.

 

Магжан Ахмадина.