Спорт

Таэквон-додан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 3 орынға тұрақтады

Айнұр Қадарменова – таеквандошы

– Мен әлем чемпионатына бірінші рет қатыстым. Сондықтан маған сайыс қиындау болды. Қарсыластарым да өте мықты таеквандошылар екен. Жалпы әлем чемпионаты жоғары дәрежеде өткізілді.

Таеквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, олар жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып, жеңіске жету керек. Таеквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, сабырлы, байсалды, әр қимылын ойланып жасайтын адам болуы қажет.

Жас дарынның жаттықтырушысы – Владимир Хван шәкіртін мақтан тұтады. Олар бұл чемпионатта жақсы өнер көрсету үшін уақыт бойы дайындалғандарын айтады.

Владимир Хван – СҚО таеквандо федерациясының жаттықтырушысы

 

– Чемпионат өте қиын климаттық жағдайда өткізілді. Күн сайын 35 градус ыстық болды. Қазақстан құрамасының сапында спаррингте үшінші орын еншілегеніміз мен үшін өте үлкен табыс. Мен өз спортшымды мақтан етемін.

Қазір жас спортшы 2015 жылы Корея елінде ересектер арасында өтетін чемпионатқа дайындығын бастады.

Сагыныш Маркашева.