Билік

“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірдің жастарымен кездесті

Абылайхан Қайроллаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университеті инженерлік-техникалық факультетінің студенті

– Бүгінде мемлекет тарапынын жастарға үлкен қолдау жасалуда. Түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Біз жастар осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.

Бауыржан Байбек жастармен сұхбаттасу кезінде оларды қандай мәселе толғандыратынын сұрады. Мысалы, Ренат Сейтмуллин Киров атын зауыттың инженер-конструкторы. Бүгінде оның баласы балабақша кезегінде тұр.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Бүгінде Петропавл қаласында 10 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Оның ішінде 3-тен 6 жасқа дейінгілерді бірінші кезекте балабақшамен қамтамассыз етеміз. Келер жылдан бастап 10 балабақша салына бастайды. Қазірден бұл нысандардың құрылысына инвестиция тартпақшымыз. Оған конкурс та жарияланды.

Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмей, демографиялық ахуал да оңалмайды. Жастар ол үшін тұрғын үй мәселесін шешіп алған жөн дейді. “Қазақтелеком” АҚ СҚОФ-ның қызметкері – Динара Ходжаева өңірімізде пәтер жалдау құны қымбат, жалақымыздың көп бөлігі соған кетеді дейді. Жас маман теріскейде үш бала туған жанұяларға пәтер беру жайын да көтерді.

Динара Ходжаева, “Қазақтелеком” АҚ СҚОФ жастар ұйымының белсендісі

– Мәселен, Қарағандыда “Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі” арқылы жас отбасыларға жатақханалардан жалдамалы бөлмелер беріліп жатыр. Ал көршілес Ресей мемлекетінде өмірге 3-ші сәбиін әкелген жанұяларға жалдамалы-коммуналдық үй жеке меншікке тапсырылады екен. Сізге айтар өтінішім, осындай жобалар біздің де өңірде де жүзеге асырылса деймін. Осы жағын қайта қарап көрсеңіздер.

“Нұр Отан” партиясының өкілі кездесу барысында көтерілген мәселелер аяқсыз қалмайтындығын жеткізді.

Берик Касен.