Бизнес және экономика

Петропавлда “Бизнес-кеңесші ІІ” жобасы бойынша кәсіпкерлерді оқыту семинары өтіп жатыр

– Біз жиһазды дайындауға 30 күн жұмсадық. Сол 30 күннің ішінде біз СҚО-дағы барлық дүкендерді аралап, жиһаздарымызды сата ала ма екендігін сұрап білдік.

Әр команданың мүшелері бір-бірін жақсы түсінеді. Сондықтан, барлық жоспарланған шаралары іске асып, бизнестері лезде өркендеуде. Семинарға қатысушылар ортақ талқылаудан өткен жобалар қағаз бетінде қалмай, нақты жүзеге асырылса, кәсіпкердің табысқа кенелуі әбден мүмкін дейді.

Астаналық бизнес-жаттықтырушы Гүлжан Құстыбаеваның айтуы бойынша өңірлік кәсіпкерлер бұл семинарда барынша белсенділік танытуда. Әр топ лезде өздерінің жобаларын құрастырып, барлығының назарына ұсынуға дайын тұрады. Осындай тәжірибе жүзінде өткізілген ойындар, кәсіпкерлерге теориялық материалдарды тез үйренуге септеседі дейді маман.

Гүлжан Құстыбаева – конецформыначалоформы«ID Groop» компаниясының бизнес-жаттықтырушысы

– Петропавлдық кәсіпкерлер өте белсенді. Әрдайым сұрақтар қойып, кейін, өз сауалдарына өздері жауап береді. Бұл олардың материалды жақсы меңгергенін білдіреді. Командамен құрастырған бизнес кейстарды тез шешеді. Уақыттарын тиімді пайдаланады.

Тегін білім алуға өңірлік кәсіпкерлердің қызуғышылығы арта түсуде. Өткен 2 курста бұндай шараларға 33 адам қатысса, бүгінгі дәріске 20 шақты жерлесіміз келген.

Гүлмира Жақыпова – «Даму» АҚ СҚОФ бойынша бас менеджері

 

– Шілде айында Петропавлда дәл осындай 2 семинар ұйымдастырылды, қазір үшіншісі өтіп жатыр. Беріліп жатқан дәрістің тақырыбы: “жобаны басқару – компанияның даму құралы”. Аталған сабақтарды қараша айына дейін жүргіземіз. Біздің жоспар бойынша өңірдің 200-ден аса кәсіпкерін оқытатын 11 шақты семинар өткізіледі. Бұл сабақтар бизнесмендердің біліктілігін арттыруға бағытталған.

Екікүндік оқудан кейін «Бизнес-Кеңесші ІІ» бағдарламасына қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болады.

Риат Шони.