Құқық қорғау органдары

Көші-қон полициясы борышын өтеуден жалтарып жүрген 776 азаматты іздестіруде

Алмас Темірбеков – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының инспекторы

– Тамыздың 18 мен 20 аралығында көші-қон полициясы өзге ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірігіп акция өткізуде. Мақсатымыз – іздеуде жүргендердің қай жерде екендіктерін анықтау.

Шараның бірінші күні-ақ көші-қон полицейлері берешегі бар 22 қарызгер мен алимент төлеуден жалтарып жүрген 2 тұлғаны іздеп тапты. Мәселен, көші-қон полициясының басқармасына мына 29 жасар петропавлдық жеткізілді. Нәзік жанды дүкендердің бірінде сатушы болып қызмет етіп, кейіннен жұмыстан шыққан. Көп ұзамай, дүкеннің қожайыны 230 мың теңгесінің қолды болғанын анықтап, тәртіп сақшыларына арыз түсірген. Полицейлер азаматшаға заң талаптарын түсіндірді.

Жыл басынан көші-қон полициясының мамандары 776 іздестіру ісін ашқан. Оның 103-і алиментті төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты. Ал, 673 азамат қарызгер санатына алынған. Бүгінгі таңда олардың 457-сінің қай жерде жүргендігі анықталып отыр.

Ахметова Бану.