Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ерік Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

Бауыржан Байбек – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

– Ең негізгі партияның құндылығы ол- халық сенімі. Сол себептен, осы жылы сіздердің қолдауларыңыздың арқасында көптеген жұмыстар атқырылды. Әр ауданда партияның қабылдау бөлмелері салынды. Нұр Отан партиясы 300 мыңнан астам адамды қабылдады. Олардың 70 пайызының мұң-мұқтажы шешілді. Қалғандары бақылауда. СҚО да бұл шаралар жүйелі атқарылуда.

Бұдан кейін Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалының төрағалығына облыс әкімі Ерік Сұлтановтың кандидатурасын ұсынды. Оны партиялықтар бірауыздан қолдады. Кейін Бауыржан Байбек өңір жетекшісіне жаңа үлгідегі партия билетін табыс етті.

Өз кезегінде жаңадан сайланған партияның облыстық филиалының төрағасы Ерік Сұлтанов жүктелген зор сенімді атқаруға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

Ерік Сұлтанов- «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, СҚО әкімі

– Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенім білдіргеніне үлкен алғысымды айтамын. Бар күшім мен білімімді партия бағдарламаларын орындауға жұмсамақпын.

Бүгіндері облысымызда партияның 15 аумақтық филиалы мен 372 бастауыш ұйымы бар. Сөйтіп, еліміздің жетекші саяси ұйымы 40 мыңнан астам жерлесімізді бір арнаға тоғыстырған.

 

Магжан Ахмадина.