Билік

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы талқыланды

Маңызды құжат жан-жақты қарастырылып, оған көптеген ұсыныстар енгізіліп жатыр. Өйткені, жемқорлық мәселесі қоғам өкілдерін алаңдатпай қоймайды. Бармақ басты көз қыстылық ел экономикасының дамыуына кедергі болуда. Дәл осы мәселені бүгін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесуге келген үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері де сөз етті. Жиынға келгендер өз тараптарынан аталған бағдарламаға қатысты пікірлерін білдірді. Петропавлдағы “Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы” ҚБ-нің директоры Әсемгүл Есқожа бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істесек, жемқорлықты түп тамырымен жоюға болады дейді.

Әсемгүл Есқожа, “Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы” ҚБ директоры

– Біздің тараптан айтылып отырған ұсыныстардың бастысы-ол үкіметтік емес ұйымдардың дәрежесін жетілдіру, оқыту болып табылады..

Бауыржан Байбек жемқорлық деген індетпен тек мемлекет қана емес, бар қоғам болып күресуді алға тартып отыр.

Бауыржан Байбек, “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары

– Жемқорлықпен күресу үшін ең алдымен, азаматтардың өмірге деген көзқарасын өзгерту керек. Яғни әр адам өзінен бастап, бармақ басты көз қыстылыққа жол бермеуі қажет. Сондықтан біздің мақсатымыз – барлық үкіметтік емес ұйымдарды біріктіріп, қоғамдық тәртіпті бақылау үшін оларға бар жағдайды жасау.

Жиында өңірдегі кәсіпкерлер палатаның өкілдері де сөз алды. Олардың айтуынша жыл басында ҚР ұлттық палатасының тапсырмасымен барлық өңірлерде мемлекеттік қызметтің 30 түрі бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілген. Бұл жұмыстар ақпан айында қорытындыланыпты. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бірқатар олқылықтар анықталды.

Жеңіс Қазиев, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

– 45 процентов опрошенных субъектов бизнеса показали, что сложившиеся условия для получения госуслуг вынуждают их прибегать к незаконным способам решения вопроса.

Бағдарлама жобасын жуық арада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де талқыға салмақ. Бауыржан Байбектің айтуынша бизнесті өркендету – ел экономикасын дамытады, сондықтан, партия қолға алған жобаны жан-жақты талқылап, қарастыруда ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің ой-пікірі де маңызды екендігін айтты.

Бауыржан Байбек, “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары

– Жалпы келісімге қол қойды. Біз заң жобаларына біздің палатаның ұсыныстарына қолдау көрсетіп, заң жобаларын қазір жылжытатын боламыз.

Кездесуге келген үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері аталған жоба әлі де болса, жетілдіруді қажет етеді деген ойда. Бұл орайда олар өз ұсыныстарын да білдірді.

Кәрібай Мұсырман, “Қазақ тілі” ҚБ СҚО филиалының төрағасы

– Жастарды мемлекеттік қызметке тарту үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Жемқорлықты кемітудің ең бір ұтымды жолы осы деп білеміз. Бағдарлама жобасында қарастырылған мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің табыстары,ал кейіннен шығандары туралы ақпаратқа еркін қол жетімділік тәжірибесін кеңінен тарату туралы ұсыныс жарты кештеу сияқты.

“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те халық үшін еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін көтеру қажеттігімен келісті.

Бауыржан Байбек, “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары

– Мемлекеттік қызметкерлердің абыройын, деңгейін көтеру керек. Шынында да осындай азаматтармыз патриоттық сезімі жоғары, білім бар азаматтар көп мемлекеттік қызметте. Олар негізгі осы жұмысты жасап келе жатыр.

Осылайша кездесуге келгендер бас партияның өкіліне өз ұсыныстарын еркін білдіре алды.

Ахметова Бану.